— 2006 жылы ауыр жол апатына ұшырап, І топтағы мүгедек деңгейіне түстім. Ол кезде мен 16 жаста едім. Содан бері, міне, 10 жыл өтті. Осы уақытқа дейін үздіксіз жаттығулар жасап, өз аяғыммен жүру үшін бар күшімді салып келемін. Шүкіршілік айтамын, жаттығулар өз әсерін ақырындап беріп келеді. Екі аяғыммен 10 секундтай басып тұра аламын. Алайда емделемін деп жүргенімде, екінші сырқатқа тап болдым, — дейді Нұрболат Қарабасов.
Қазіргі уақытта Нұрболат Талдықорғанда жалдамалы пәтерде тұрады. Мұнда ол «Асар» реабилитациялық орталығында жаттығып, ем алып жүр.
Елдос Баялышбаев, «Асар» реабилитациялық орталығының директоры:
— Нұрболатпен 2015 жылы таныстым. Ол бізге Оңтүстік Қазақтан облысы, Сарыағаш өлкесінен келді. Бір таң қалатыным, Талдықорғанды мүлдем білмей жалғыз өзі келген. Оның құлшынысы, өмірге деген құштарлығы — өзгелерге үлгі. Нұрболаттың қасында көңілді жүрмеу мүмкін емес. Жақында досым «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған қалалық мерекелік балда билеп, жұртты тамсандырды.
Жағдайы оңалып келе жатқанда, өкінішке орай, Нұрболаттың өзге сырқаты бар екені анықталды. Қазіргі уақытта қуықта катетер тұрғандықтан, оң жақтағы бүйрек сол жақтағысына қарағанда кішірейген. Уақыт өткен сайын бүйректің кішіреюі жалғасуда, осылайша барлық күш сол бүйрекке түсіп жатыр. Күшті көтере алмағандықтан, сол бүйрек те кішірейіп барады. Бұлай жалғаса берсе, диализге түсіп кетуі мүмкін. Сол себепті жедел түрде ота жасату керек. Ал оны Қазақстанда жасау мүмкін емес. Германиямен қазір келісімге отырдық. Дегенмен ота құны өте жоғары — 36 312 еуро» , — дейді Елдос Баялышбаев.
Нұрболаттың бар табысы мемлекеттен бөлінген жәрдемақы — 43 800 теңге. Оның 25 000 теңгесін пәтерақысына төлейді. Жас жігіттің ата-анасы — зейнеткерлер. Олар да ұлдарына барынша көмектесуге тырысады. Алайда ол көмек отаға қажетті сумманы жинауға жетпейді. Нұрболаттың жағдайы туралы бұған дейін Евразия бірінші арнасы, өзге де БАҚ хабарлаған болатын. Қайырымды азаматтардың арқасында қазіргі уақытта отаға қажетті 2,5 млн теңге қаражат жиналды. Дегенмен әлі де 10,5 млн теңге қажет.
Бауырымыздың өмірін сақтап қалуға Сіз де өз көмегіңізді ұсына аласыз. Қажетті ақпарат:
Байланыс телефоны: +7 701 330 93 13 (Нұрболат Қарабасов)
Qiwi қалта: +7 701 330 93 13
ИИН 890624301807
“Казком” карта номері: 400 303 271 772 82 26
“Казкоммерцбанк” АҚ есеп шоты : KZ909 26011 PN018 83110