Бастапқыда суреттегі көріністер анық емес және түсініксіз жәйттерге толы болған. Ғарышта түсірілген суреттердің арасында сәуленің сынуынан көріністердің созылуы мен ауытқулары да байқалады. Планетарлық Қоғамының зерттеушісі Эмили суреттерге жіңішкелікпен түсетулер енгізді. Мұқият жүргізілген өңдеу жұмыстарына кейін көптеген белгісіз жайіттерге жауап табылды. Мына суреттен біз Фобостың (Марстың екі серігінің бірі) Марстың бетіне жақын ұшып өткенін көре аламыз.
Үндістан Ғарыштық зерттеу ұйымының таратқан суреттері «Мангалиаан» (Mangalyaan) барлаушысының өткен бір жыл бойында түсірген суреттерінің топтамасы. Оның бақылау аумағы Марстың полярлық бетін де қамтиды. Марстағы бұл аумақ бұдан бұрынғы және кейінгі адамзат ұшырған барлау кемелерінің қонатын орыны.
Суреттер арқылы болашақтағы ғарыш барлау құрлығылары қонатын аймақты белгілеуге болады. Бұл суретте Марс бетіндегі ең үлкен аңғар анық көрінеді. Бұл біз білетін Күн жүйесіндегі планеталардағы ең үлкен табиғи шатқал. Ғылымда оны «Теңізші шатқалы» (Valles Marineris) деп атайды.
«Теңізші шатқалы» және басқа да тау сілемдерінің қалыптасу формасына қарағанда, Марс геологиялық қалыптасу тарихы Жер шарына ұқсайтынын байқаймыз. «Теңізші шатқалының» ұзындығы 3769 шақырымға жетеді. Ең терең тұсы 7 мың метр. Жалпы шатқалдың түзілісі аса күрделі. Ол Марс жер түзілісіндегі сығылу мен ажырауы сынды табиғи құбылыстан пайда болған. Жер бетіндегі Шығыс Африка шатқалының қалыптасуына ұқсас.
Марстан жанартау атқылауының іздерін де табуға болады. Суреттегі сақина тәрізді тау – Арсия Монс (Arsia Mons). Марс экваторына жақын орналасқан. Tharsis Montes аталған алып тау сілеміне орналасқан, заманындағы аса үлкен жанартаулардың бірі. Ал бұл тау сілемінің оңтүстік-батысында Күн жүйесіндегі ең биік тау – Olympus Монс орналасқан.