Қаладағы №14 емдеу орталығының мамандары мектептердегі егу бекетінде вакцинациялау жұмыстарын жүргізді. Шымкентке Pfizer вакцинасының 46 800 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген еді.
Екпе егілетін тұрғындарға қаланың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру ұйымдарында ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ерікті келісімінен кейін жүргізіледі. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар аумақтық емханаларда вакцина салдыра алады. Ал мектептерде вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін 140 егу бекеті ұйымдастырылған.