Асқар Мамин вакцинаны қайта салдыратынын айтты

Міндетті түрде ревакцинация салдырамын. Тіпті осы аптада немесе келесі аптада салдыруға тырысамын. Маусымда бірінші «Спутник V» вакцинасын салдырдым, қазір Pfizer, біздің QazVac және Қытай вакциналары бар. Қазір тізімі кеңейді. Кеңес аламын, әлі шешпедім. Алғашқы вакцинациядан кейін 6-8 ай қажет, − деді Асқар Мамин журналистерге берген сұхбатында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бірінші кезекте тәуекел тобына кірген адамдар екпе салдырғандығынын хабарлады.

Сонымен бірге Алексей Цой бірінші вакцинация мерзімін ескере отырып, осы жылдың соңына дейін халықтың әлжуаз тобы ревакцинациядан өтетінін айтты. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері.