Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады.

Жиын барысында президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарланып отыр. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді, — делінген жазбада.

Президенттің баспасөз қызметі 15.00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады.