Басты бетЖаңалықтарАлматыда қоғамдық...

Алматыда қоғамдық көліктің төбесінде отшашу ұйымдастырғандар ұсталды

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар барлығы төртеу. Бастапқыда әрқайсысының рөлдері тағайындалған. Біреуі қоғамдық көлік жүргізушісінің назарын аударса, екіншісі — ұялы телефон камерасына не болып жатқанын түсіріп жатқан, тағы екеуі — тікелей орындаушылар, олар қоғамдық көліктің төбесіне шығып, отшашу ұйымдастырған. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша іс тергеліп жатыр. Сонымен бірге бұзақылардың әрекетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 436 бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бар, — деді полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полиция басқармасының бастығы қоғамдық көлік жолаушыларына қауіп төндірген жастардың мұндай келеңсіз әрекеттерінің шынайы себебін тергеудің анықтайтынын айтты.

Ведомство сонымен бірге автобус төбесінен секірген бұзақылыққа қатысушылардың бірі басынан жарақат алғанын хабарлады.

Еске салайық, өткен аптада әлеуметтік желіде Алматыда аялдамада тұрған автобустардың бірінің үстінде отшашу атылған видео тараған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АЛМАТЫ ЧАТ?ВОПРОСЫ?РАБОТА (@infocenterkz)