Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Ерғалиев Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.
Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.
2012-2018 жылдары «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2018-2020 жылдары «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болды.
2020 жылғы сәуір-қараша аралығында «Нұр-Сұлтанның дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр-Сұлтанның дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы болды.