Футболдан ұлттық құрама Франциядан 0:8 есебімен ұтылды

Кездесу Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өтті. Бұл Қазақстанның ресми ойындардағы ең ірі жеңілісі болып тіркелді.

Жарыс басталмас бұрын Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері баспасөз мәслихатын өткізді. Ұлттық құрамадағы негізгі ойыншының бірі Бақтиер Зайнутдинов қана емес, тағы бірқатар футболшының жарақат алғаны белгілі болды.

Бізде тек қана Зайнутдинов қана емес, Ян Вороговский мен Георгий Жуков, Сергей Малый мен Азат Нұрғалиевтердің де жарақаты бар екенін айтайын. Сосын, Логвиненконың да кішігірім жарақаты бар екен. Рамазан Оразовтың аяғы қатты ауырып, дәрігер бұл футболшыға сенім артпай-ақ қойыңыз деп айтты, — делінген бас бапкердің құрамының ресми сайтында жарияланған сұхбатында.

Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды 8:0 есебімен тізе бүктірді. Матчте Килиан Мбаппе Франция сапындағы алғашқы покерін жасады. Одан бөлек, Карим Бензема екі гол соқса, Гризманн мен Рабьо да бір-бір голмен есепті еселеді. Өкінішке қарай, Қазақстан сегіз ойында үш ұпай жинап, топты соңғы орынмен аяқтады.