Басты бетЖаңалықтарКоронавирус пен...

Коронавирус пен пневмониядан 20 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 14 қарашадағы мәліметі бойынша, 34 972 адам (29 982+ және 4 990 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 6 736 науқас, амбулаторияда 28 236 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 503 адамның жағдайы ауыр, 127 науқастың жағдайы өте ауыр. 89 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 133 адамнан коронавирус анықталды.