Басты бетҚоғам"Бұл менің...

«Бұл менің намысыма тимейді». Алексей Цой отставкаға кетсін дейтіндер туралы айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдері онконауқастарға көмек қорының ортақ құрылтайшыларының бірі электрон өтінішінде Алексей Цойдан отставкаға кетуді талап еткенін еске салды. Алайда, санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің басшысы Айжан Есмағамбетова азаматтың өтінішін ар-намысқа тіл тигізді деп полицияға жолдаған. Бірақ полиция одан ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқ.

Осыған байланысты журналистер министрден жұртшылықтың осындай талаптарына қалай қарайтынын сұрады.

Бұл менің намысыма тимейді. Себебі өз пікірін айту – кез келген азаматтың құқығы. Мен бұған азаматтардың өз пікірін білдіруі деп қараймын, — деп жауап берді Алексей Цой.

Ал Айжан Есмағамбетова өз әрекетін қалыпты практика санайтынын атап өтті. Айтуынша, бұл оның полицияға жіберген алғашқы өтініші.

Хат жазған адамның әрекетіне құқықтық баға берілуі үшін өтінішті ішкі істер министрлігіне жолдағаным рас. Мен мұны қалыпты практика деп санаймын. Комитеттің атына күн сайын 100-150 өтініш түседі, — деді ол.