Басты бетЖаңалықтарҚараталдық өнертапқыш...

Қараталдық өнертапқыш пластикалық бөтелкеден сыпырғыш жасап шығарды

Қалалар мен олардың айналалары жиналған қалдықтардың әсерінен батып бара жатыр, бұл әсіресе қайта өңдеу қондырғыларының жоқтығы немесе болсада аздығы сезіледі. Планетамыз үшін ең үлкен қауіп — бұл пластикалық бұйымдар, Пластикалық қалдықтардың ішінде (біз барлық пластмассалар туралы айтып отырмыз) ең көп үлесті пластикалық бөтелкелер алады. Оларды көп пайдаланады және бірдей мөлшерде олар қала, шет, саябақтарға шашырайды.

Шындығында, шексіз үлкен ресурстар туралы айтуға болады, егер оларды өңдейтін болса, өкінішке орай бұлдарды өңдейтін зауыттардың қатары өте аз. Осыған байланысты, пластикті қайта өңдеу өндірісінің бизнес-жоспары тіпті осы салада жетістікке жетуге ниет білдірушілер үшін өте өзекті мәселе болуы мүмкін деп болжауға болады.

Елімізде көптеген кәсіпкерлер мұндай кәсіпорынды ашу тиімді емес деп санайды. Бірақ біздің бүгінгі кейіпкеріміз кәдімгі күнделікті өмірімізде шөлдегенде ішіндегі сусынын ішіп сыртындағысын қоқысқа тастайтын пластикалық бөтелкелерден, қолдан құрлығы ойлап тауып күнделікті өмірге қажетті сыпырғыш, арқан т,б дүниелер жасап шыққан, өнертапқыш, жас кәсіп иесі Сеитов Жәнібек жоғарыда атаған пікірді қате деп санайды.

Жәнібектің айтуында әрбір адам ең бастысы жалғыз өз басын ғана ойлап қоймай, қоғамғада пайдасын тигізу керек деп санайды және  өңдеудің бұл бағытында кәсіп істеймін деп шешім қабылдағандарды билік белсенді түрде қолдайды, осындай қалдықтарды өңдейтін кәсіпкерлерді қолдаса елімізге экологиялық жағдайды жақсарту шараларына арналған шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді деген сенімде.

PS: Бүгін, Алматы Облысы, Қаратал ауданы әкімдігнің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Байгазинова Гаухар Нұртайқызымен Жәнібектің үйіне барып кәсібімен танысып, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай қолдау бағдарламалар бары жайында кеңес беріп  қайттым.

Сөз соңында айтпағым пластикалық бөтелкелерді ішіндегі өнімді пайдаланған соң жай лақтыруға  да болады, бірақ оны Жәнібек секілді қажет емес қоқысқа тасталған затты да кәдеге асыруға болатындығына тағы бір көзіміз жетті. Оның сабы ағаштан жасалғанмен, шыбықтарына бөтелкелер пайдаланылған.