12 қарашадағы жағдай бойынша, Қостанай облысы «қызыл» аймақтан сарыға өтті. Осылайша, коронавирус инфекциясының таралуы жоғары аймақта тек Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр.
Ал Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта орналасқан.