0%

Үлкен шыршаға тапсырыс бердіңіз, бірақ сатушы мерекеге дейін үйіңізге апарып үлгермейтінін айтты. Реакцияңыз қандай болар еді?

Мына заттардың қайсы сізді сипаттайды?

Сіздіңше, Жаңа жыл дастарханында міндетті түрде тұруы керек нәрсе...

2022 жылдан не күтесіз?

Жаңа жыл мерекесі басталған кезде, 00.00-де не істейсіз?

Сіздіңше, ең үздік жаңа жылдық костюм қандай?

Жаңа жылға қандай сыйлық алғыңыз келеді?

Жаңа жыл мерекесін кіммен қарсы алғыңыз келеді?

Жаңа жылды қайда атап өтесіз?

00.00-ден кейін үйіңізге достарыңыз құттықтап келді. Не істейсіз?

Тест: темпераменті қандай адамсыз?
Сангвиник
Сангвиниксіз! Көпшіл, оптимист, қарапайым және үнемі жаңа әсерлер мен таныстарға ұмтылатын, әсершіл адамсыз. Ал көңіл-күйіңіз әп-сәтте өзгереді және бұл жүзіңізден, мимикаңыздан көрініп тұрады. Жаңа дүниеге тез қызығып, тез қайтасыз. Шапшаң, икемді, еті тірі жансыз. Дегенмен шамаңызды ескермей жатасыз. Салдарынан кей жұмысыңыз аяқсыз қалады. Сангвиниктер адамдармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа аса мән бермейді. Мұндай адамдар мерекені көпшілікпен бірге қызық өткізуді ұнатады. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесін жақсы атап өтуіңізге тілектеспіз!
Холерик
Холериксіз! Мінезіңіз тік, қызуқанды, шапшаң, импульсив адамсыз. Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Кейде эмоцияға берілуіңіз, барлығының назарында болуды қалауыңыз мүмкін. Сонымен бірге күш-жігеріңіз көп, соның арқасында еңбекке қабілетіңіз зор! Жаңа жыл мерекесін қалай және қайда атап өтетініңіз де көңіл-күйіңізге тікелей байланысты. Қаласаңыз, таңға дейін тойлайсыз, болмаса, түнгі он екіден кейін ұйықтап, келесі күні жұмысқа кірісіп кетесіз. Жаңа жылды жақсы атап өтуіңізге тілектеспіз!
Меланхолик
Меланхоликсіз! Сізді ұяң, тұйық, сөзге сараң, сезімтал, жайбасар адам деп айтуға болады. Мұндай адамның жүйке-жүйесі әлсіз болады. Сіз көп нәрсені ішініңізде сақтайсыз. Кейде түймедейді түйедей етіп қабылдап жатасыз. Қуанышты сәттер мен мерекелерді көбіне тек жақындарыңызбен тойлайсыз. Мұндай күндері меланхоликтерге ұсақ-түйек сәтсіздіктерге көңіл-күйін түсірмеуге кеңес береміз. Жаңа жыл мерекесін жақсы атап өтуіңізге тілектеспіз!
Флегматик
Флегматиксіз! 10 рет өлшеп, бір рет кесетін адамсыз. Жаңа жыл сияқты мерекенің өзіне тап-тұйнақтай дайындалып, толық жоспар құрып қоясыз. Дегенмен бір істен, ортадан екіншісіне ауысуыңыз қиын. Әдетте көңіл-күйіңіз бірқалыпты. Эмоцияңызды ашық көрсете бермейсіз. Жарқырап қуануыңыз да, жабырқап қайғыруыңызда қиын. Байсалды болғаныңыз сонша сіз ашуландыру оңай шаруа емес. Жаңа жылды жақсы атап өтуіңізге тілектеспіз!

Әлеуметтік желіде бөлісу: