Жыл басынан бері оларға 127 пәтер берілген, жыл соңына дейін тағы 64 дәрігер баспана алады. Бұл жайында бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг кезінде айтып берді.
Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау саласында биыл үш ауылда дәрігерлік амбулатория іске қосылды, ал жалпы барлығы жеті нысан салынып жатыр.
Облыс әкімі «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасының елді мекендерді көркейтуге тигізіп отырған оң әсеріне де тоқталып өтті. Аталған бағдарлама аясында төрт ауылдық мәдениет үйі жөнделген, үш саябақ ашылған, Талдықорған мен Үштөбе темір жол вокзалының жанындағы скверлер абаттандырылған.