Конференция барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 35 миллион теңгеден 3,7 триллион теңгеге дейін ұлғайғанын айтты.
Өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 миллион теңгеден 1,2 триллион теңгеге дейін өсті, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 триллион теңгеден асады деп жоспарлап отырмыз, – деді Амандық Баталов.
Ал облыста 30 жыл ішінде 14,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бюджетке түсімдер 1997 жылғы 11 миллиард теңгеден 742 миллиард теңгеге дейін өсті. Тәуелсіздік жылдарында облыс экономикасына 6,5 триллион теңге инвестиция салынды, – деді облыс әкімі.