Басты бетЖаңалықтарПрезидент екі...

Президент екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұлға барды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұлға  барды. Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған, – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында.

Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылады.