Тиісті комиссия шешім қабылдайды. Министр ретінде Азаматтарға арналған үкіметке, яғни осы үдерістердің барлығымен айналысатын компанияға барлық қажетті шараны қабылдауды ұсындым. Мен тәжірибелік сынақпен барған Арнайы орталықта басшы орнынан ауыстырылып, жаңасы тағайындалып үлгерді, – деді ол.
Бағдат Мусин департамент мұндай проблемалармен қалай күресуі керегін айтты.
Әрине, мұндай фактілердің жолын кесу керек. Өйткені біздің басты міндетіміз – мемлекеттік қызметтерді тек жылдам емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы форматта көрсетуді қамтамасыз ету, – деді Бағдат Мусин.
Министр осындай жемқорлық фактілері туындамас үшін биометрия және емтихан тапсырушыны бақылау сияқты технологиялық инновацияларды енгізілетінін айтты.
Біз мемлекеттік қызметті жылдам форматта және жемқорлық жағдайына жол бермейтін қадамдармен ұсынуымыз керек. Заңнамадағы процестер қатаң орындалуы керек. Ол үшін технологиялық инновацияларды енгіземіз, яғни биометрия мен емтихан тапсырушыны байқап отыратын технологиялар ескеріледі, – деді министр.
Бұдан бұрын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Нұр-Cұлтандағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, адамдардың жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырмай-ақ алғанын өз көзімен көргенін айтқан. Осыдан соң елімізде жүргізуші куәлігін алу талаптары қатаңдатылатыны хабарланған еді.