Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, – делінген баспасөз қызметің хабарламасында.
Айта кетейік, Қайрат Лама Шариф Павлодар облысында дүниеге келген.
2011-2013 жылдары – Дін істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі болып жұмыс істеді.
Ал 2019-2020 жылдары Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі ретінде қызмет атқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болды.