Түркістан облысында электр энергиясы тапшы

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Асхат Бердіхановтың айтуынша, KEGOC компаниясы өндіруші қуаттардың тапшылығынан және 500 кВт-тық «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің артық жүктелуіне жол бермеу үшін мәжбүрлі түрде шектеген.

Енді электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында келісімдер жүргізіліп жатыр.

Аталған мәселе Энергетика министрлігінде шешіліп жатыр. Жамбыл ГРЭС генерациясын 800 МВт-қа дейін арттыру мақсатында қосымша энергия блоктарын іске қосу жұмыстары қарастырылды. Сонымен бірге «Энергопоток» ЖШС ЖГРЭС-пен электр энергиясының қосымша көлемін жеткізу бойынша келісімдерге қол қойылды, − деді Асхат Ермекұлы.