Мектеп оқушылары робот құрастырады

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жан-жақты дамуына жол ашуға септігін тигезін жоба бұған дейін бірнеше мектептерде  жүзеге асырылған. Олар  Жамбыл облысының Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандарында және Тараз қаласындағы мектептер.

«Робот техникаларымен жұмыс істеу балалардың ойлау қабілетін дамытып, өзге пәндерді де жақсы меңгеруіне септігін тигізеді» дейді ұйымдастырушылар.

Оқушыларды институт студенттері Lego құрастырмалы бөлшектерінен компьютерлік бағдарлама арқылы өздігінен жүретін роботты көліктер, арнайы ұяшыққа сәйкес түстерді анықтап салатын жылжымалы техникаларды және түрлі кедергілер кездессе де өз бағытынан таймайтын танкілерді құрастыруды үйретуде.

«Оқушылар бастапқыда шағын машиналар құрастыра келе кейін күрделі бағдарламаларға көшеді. Мақсатымыз ауылдық жерлердегі мектеп жасындағы балаларға робот техникаларын құрастыруды жете таныстыру, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге машықтандыру», – дейді шара ұйымдастырушылары.

Бұл жоба алдағы уақытта өңірдің өзге де аудандарындағы мектептерде жүргізілмек. ТарМПИ ұжымы бұл игі істі жыл бойында жалғастыруды көздеп отыр.

ДереккөзBaq.kz