Басты бетҚоғамСарыағашта пошта...

Сарыағашта пошта қызметкері жұмысынан 35 миллион теңге ұрлаған

Сарыағаш ауданының полициясына пошта бөлімшелерінің бірінің қызметкері арызданған. Айтуынша, белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 35 миллион теңгені ұрлап кеткен.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, қажетті шаралар қабылдады. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бейнекамера жазбаларын жіті тексеріп, заттай айғақтарды зерттеді. Жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті анықталды. Ол пошта қызметкері болып шықты, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге тергеу барысында жедел уәкілдер күдіктіге қымыс жасауға көмектескен екі сыбайласын тапты. Олардың бірі – жергілікті тұрғын, екіншісі – Семейден.

Анықталғандай, пошташы екі сыбайласымен алдын ала келісіп, алаяқтық жолымен пошта қорынан ақша ұрлап, өз шотына аударған. Олар ұрланған ақшаны өзара бөліскен.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Үш күдікті де қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.