Басты бетМедицинаЕлімізге Pfizer...

Елімізге Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасы жеткізілді

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, Pfizer — Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 миллион дозасы сатып алынды. Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады. Жеткізілген дозалар Қазақстан халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина, — делінген хабарламада.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Pfizer вакцинасын 12 жасқа толмаған балаларға салуға болмайды.

Кеше түнде  Қазақстанға жеткізілген  Pfizer вакцинасы тек 12 жасқа толған балаларға арналған. Одан төмен жастағыларға салуға болмайды, — делінген хабарламада.

Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізіледі. Алдағы күндері Қазақстан азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Коронавирус, вакцина, Pfaizer
Фото: Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдарды болдырмау үшін вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді. Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура -60 -90 С режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды.

Ведомство сонымен бірге вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынғанын, вакцинацияны жүргізетін тиісті қызметкерлер вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілгенін хабарлады.

Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиника зерттеулерінің нәтижелері бойынша оның тиімділігі — 95%. Бұл АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етілген (Төтенше пайдалану авторизациясы, EUA) аясында қолданыла бастаған алғашқы вакцина.

Еске салайық, Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін келесі вакциналар қолданылды: QazVac, «Спутник V», Hayat-Vax, СоronaVac, Sinopharm/Vero Cell.