Денсаулық сақтау министрлігінің 11 қарашадағы мәліметі бойынша, 37 594 адам (–32 411+ және 5 183 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 6 879 пациент, амбулаторияда 30 715 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 505 адамның жағдайы ауыр, 136 пациенттің жағдайы өте ауыр. 97 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 219 адамнан коронавирус анықталды.

