12 қарашада ТМД-ға мүше елдердің Үкімет басшылары кездеседі

Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, уран өндіруші өндірістердің әсеріне ұшыраған аумақтарды қалпына келтіруге, теміржол көлігін дамытуға қатысты тақырыптарды талқылайды.

ТМД Үкімет басшылары кеңесі жанындағы жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі комитеттің төрағасы туралы шешім қабылдау, Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысының өтетін күні мен орнын айқындау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге отырыста 2022 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығында халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы бекітіледі деп жоспарланған.