Басты бетҚоғамЕлімізде ...

Елімізде 500-ден астам жолаушы «қызыл» мәртебемен пойызға отырмақ болған

Оқшалануды елемей, айналасындағы адамдарды қауіп-қатерге тігетіндер қатары Нұр-Сұлтанда көп болып шықты. Астана вокзалдары аумағында «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 177 азаматқа кіруге рұқсат берілмеген.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы вокзалдарға тек «көк» және «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана жіберілетінін еске салады. ПТР талдауы қажет емес. Келушілерде гаджет болмаған жағдайда вокзал қызметкерлері ЖСН бойынша статусты тексереді. Пайдаланылмаған билеттерді қайтару үшін «сары» немесе «қызыл» мәртебесі анықталған жолаушыларға:

  • WhatsApp мобайл қолданбасы арқылы мына нөмірге +7 707 270 36 64 орындарды тапсыру үшін жол жүру құжатының (билеттің) фото/скриншотын; Ashyq қосымшасынан мәртебенің фото/скриншотын және жеке басын растайтын құжаттың фотосуретін (паспорт/куәлік/туу туралы куәлік және т.б.) жіберу керек.
  • 6 ай ішінде (пойыз жөнелтілген күннен бастап) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның кез келген билет кассасына жолаушының жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасымен келіп, пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қайтару үшін (1-тармақ орындалған жағдайда) өтініш жазуға болады.

Пайдаланылмаған билетті қайтару сомасы жолаушы, багаж, жүк-багаж және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.