Басты бетҚоғамОралда ресейлік...

Оралда ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелері наразылыққа шықты

Батыс Қазақстан облысы және қала әкімдіктері маңындағы алаңға 50-ге жуық адам жиналған. Халықпен кездесуге облыс және қала әкімдігіне қарасты басқарма мен Ішкі саясат бөлімі өкілдері шықты. Жүргізушілерге бейбіт жиындарды өткізу тәртібі түсіндірілді. Кейін жұртшылық Орал әкімдігінің үлкен залына шақырылды.

Тәртіп сақшылары мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының жартысына жуығын шетелде тіркелген көлік жүргізушілері жасаған.

Биылғы 10 айда шетелде тіркелген көлік жүргізушілері 89 жол-көлік оқиғасын жасап, оның салдарынан 32 адам қаза тауып, тағы 122-сі жарақат алған. 1 400 жол-көлік оқиғасы залал келтірген, — деді облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Мерхат Әженов.

Бұған дейін Қазақстанда Ресейде тіркелген немесе елімізде тіркелмеген көліктерді жаппай тексеру басталғаны хабарланған еді.

Мұндай көліктер саны 88 мың болса, оның 9 мыңы Батыс Қазақстан облысында. Облыс полицейлері тексеру басталғаннан бері тұраққа 39 көлік алынғанын, оның 21-і айыппұл төленгеннен кейін иесіне қайтарылғанын қосты. Бірақ мұндай көліктерді полицияға тіркеу керек.