Еліміздің экономикасы сенімді өсу қарқынын жалғастырып жатыр. 10 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,5 процентке дейін жеделдеді.
Нақты секторда өндірістің орнықты өсу қарқыны байқалып отыр. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 5,3 процентке өсті. Оның ішінде машина жасауда 19,5 процентке, соның ішінде автомобиль жасауда 23,4, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 59, құрылыс материалдарында 9,3, фармацевтикада 33,6, пластмасса бұйымдарының өндірісінде 36,5, киім өндірісінде 11,4 процентке, жиһаз өндірісінде 11,8, дайын металл бұйымдар өндірісінде 16,4 процентке өсім байқалып отыр, – деді Үкімет басшысы.
Карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетудің арқасында қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік 3,4 процентке дейін қалпына келген, бұл байланыс қызметтері мен сауда қарқынының жоғары болуына байланысты.
Жалпы азық-түлік инфляциясының өсуін тежей алдық. Осы бағытта белсенді жұмысты жалғастыру қажет. Министрліктер мен әкімдіктерге отандық өндірісті барынша қолдауды, инвестициялар тартуды, экспортты дамыту, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауды және тұрақты жұмыс орындарын құруды тапсырамын. Бюджет қаражатын уақтылы игеру бойынша да шара қабылдаңыздар, – деді Асқар Мамин.