Уақытша тіркеусіз жүргендерге наурыз айының ортасынан бастап жаппай айыппұл салына бастайды.
Серік Сайынов, ІІМ Көші-қон полициясының департамент бастығы:
—Жақында тіркеуге қатысты заңға өзгерістер енген болатын. Ол, келесі айда қаралып, шамамен наурыздың ортасында күшіне енуі тиіс. Сондықтан сол уақытқа дейін тіркеусіз жүргендерге әзірге шара қолданылмайды.
Осы уақытқа дейін еліміз бойынша 430 мыңнан астам адам тіркеуге тұрған. Оның 240 мыңы — уақытша тіркеуге тұрғандар.
Қазір еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында сәл де болса, кісі қарасы азайған. Оның үстіне үйден шықпай онлайн тіркелуге мүмкіндік бар.