Ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың, мәдениет және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушыларды Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров құттықтады.
Ескерткіш 30 жылдық тарихы бар тәуелсіз елге, оның ұлы ақыны және ойшылы Абайдың таланты мен даналығына арналған, – деді қала басшысы.
Монументті орындауда суретші Саид Әйнеков пен мүсінші Тоқтар Ермеков еңбек етті. «Абай тағылымы» кешеніне ақынның қола мүсінінен басқа, қара сөздері бар бес тас плиталар кіреді. Салтанатты шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған көріністер қойылып, өлеңдер оқылды.
Соңында қала тұрғындары мен қонақтары биылғы жылы жаңартылған «Наурыз» саябағын аралап көрді. Абаттандыру аясында кіреберіс жаңартылып, тротуардың бір бөлігі ауыстырылды, жүгіру жолы пайда болды. Қолданыстағы нысандарды жаңартумен қатар «Наурыз көже», «Домбыра» және «Тайқазан» шағын сәулет нысандары орнатылды. Қараңғыда қала тұрғындары төрт музыкалық шамды тамашалай алады.
Сонымен бірге саябақта 150 терек, қарағай және қарағаш көшеттері отырғызылды. Алдағы уақытта қала билігі «Руханият» аллеясын салуды жоспарлап отыр. Мұнда Ұлытау-Жезқазған аймағының қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімдерімен ескерткіш белгілер орнатылады.