Басты бетЖаңалықтарПрезидент Ыстанбұлға...

Президент Ыстанбұлға жұмыс сапарымен барады

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұлға жұмыс сапарымен барады.

Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ, – деді Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында.

Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.