Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда баспана...

Қазақстанда баспана қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жаңа тұрғын үйді сату бағасы 2021 жылғы қазанда 1 шаршы метр үшін 352 654 теңгені құрады, бұл жыл басындағыдан 13,8%-ке артық және бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,6%-ке ұлғайған.

Абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату құны жыл басынан қазан айына дейін 1 шаршы метр үшін 19,6%-ке, 279 216 теңгеге дейін өсті, бұл ретте жыл ішіндегі өсім 23,7%-ті құрады.

Ал қазан айында жалдау ақысы 1 шаршы метр үшін 1888 теңгеге жетті, бұл жыл басындағыдан 15,1%-ті және бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,9%-ке артық. Сонымен бірге 2013 жылдан 2020 жылға дейін тұрғын үй бағасының өсуі туралы деректерді келтірді.

Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бойынша өсу қарқыны 2013-2015 жылдар аралығында 9,6%-тен 15,8%-ке дейін ұлғайды. Тек 2016 жылы 3,6%-ке төмендегенi тіркелді. Содан кейін 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін қарқын 1,3%-тен 6,4%-ке дейін өсті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 5%.

Жаңа тұрғын үйді қайта сатуға келетін болсақ, бағаның өсу қарқыны 2013-2014 жылдары 13,8%-тен 17,6%-ке дейін өсті. Содан кейін үш жыл ішінде төмендеу байқалды – 9,1%-тен теріс 1,6%-ке дейін. 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін қарқын 1,9%-тен 13,2%-ке дейін ұлғайды.

Ал жалдау ақысы бойынша қарқын 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін – 13,7%-тен теріс 0,2%-ке дейін төмендеді, ал 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін – 3,8%-тен 8,1%-ке дейін ұлғайды.