Бұл шешім әлеуметтік маңызды қызметпен айналысатын белсенді студенттердің санын көбейту мақсатында қабылданып отыр.
Мысалы, мұқтаж адамдарға көмек көрсету, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және тағы басқалары.
Министрлік жастардың бастамаларына ерекше ден қойып, олардың бастамаларын қолдайды. Мәселен, енді 20 сағаттық волонтерлік қызмет үшін студенттерге ваучер түрінде кредит беріледі. Бұл студент оқитын жоғары оқу орнында/білім беру ұйымында екі академиялық кредитті (сағатты) есепке алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ студент 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алады. Егер студент 50 сағат жұмыс істесе, оған бес академиялық кредит (сағат) есептеліп, 50 000 теңге төленеді, – деді Білім және ғылым министрлігіне бағынысты қаржы орталығының басқарма төрағасы Асқар Ибраимов.