Басты бетҚоғамМинистр: Елімізде...

Министр: Елімізде ішкі әуе қатынасы толық қалпына келді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, транзиттік әлеуетті арттыру үшін 2022 жылы Түркістан-Шымкент-Ташкент учаскесінде Достық – Мойынты теміржол желісі, Дарбаза – Мақтаарал және жылдамдығы жоғары теміржол желісінің жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Көлік саласында пандемияға қарамастан, транзиттің жалпы көлемі осы жылдың 9 айының қорытындысында 17,5 миллион тоннаны құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес көрсеткішінен 2,4% жоғары. Азаматтық авиация пандемияға байланысты ең көп зардап шеккен салалардың бірі болды. Бұл ретте биыл саланың негізгі статистикалық көрсеткіштері өсті. 2021 жылдың 9 айында болжамды деректер бойынша тасымалданған жолаушылар саны 81% артып, 6,9 миллион адамды құрады. Сондай-ақ әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70% артып, 12,6 миллион адамды құрады. Қазір аптасына 756 рейспен 57 бағытта ішкі әуе қатынасы толық қалпына келтірілді, — деді ол.

Сонымен бірге министр биыл автожол саласын дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатқанын сөз етті.

Жол-құрылыс жұмыстарымен 8,4 мың шақырым қамтылды. Оның ішінде республикалық желі бойынша 5 мың шақырым, жергілікті жолдар мен көшелерде 3,4 мың шақырым. Жыл қорытындысында республикалық жолдардың 2,2 мың шақырымында негізгі жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс саласында биыл елімізде 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Өткен 9 айда жалпы ауданы 10,3 миллион шаршы метр болатын 89 мың баспана пайдалануға берілді, — деді Бейбіт Атамқұлов.