Сот 9 қарашада таңғы сағат 10.00-де басталды. Іс жыныстық сипаттағы жеке мәліметке қатысты болғандықтан, жабық өтеді.
Айта кетейік, 19 наурызда Алматы тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті өкілдері қыздың қаза болғанын хабарлаған еді.
Жоғалған күні Аяжан Еділова жаңадан танысқан ер адаммен кездесуге келіскені анықталды. Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған ер адам ұсталған. Кейінірек 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты істің мән-жайы анықталды.