Қауіпті астероидтың диаметрі 170-380 метр.
NASA мәліметінше, астероид 13 қарашада Жерге жақындайды. Америкалық агенттіктің бағалауы бойынша, астероид планетадан төрт миллион шақырымнан аса қашықта ұшып өтеді, бұл Жерден Айға дейінгі 11 арақашықтықтан асады.
Астероид 2004 UE – «Аполлон» тобының бөлігі, ұшу жолдары Жер орбитасымен қиылысатын ықтимал қауіпті астероидтар. Астероидқа алғашқы бақылау 2004 жылы жасалған. Келесі жолы астероид Жерге 2051 жылы жақындайды.
Бұған дейін NASA астероидпен соқтығысатын миниатюралық ғарыш аппаратын ұшыратыны хабарлаған еді. Бұл үлкен аспан денесімен соқтығысқан жағдайда Жерге қауіп төндіретін апаттың алдын алуға арналған технологияның алғашқы сынағы.