Министр қазір мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жаңа колониялар салу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.
Алдағы үш жылда Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 4 мекеме салу жоспарланған. Әр колонияға 1,5 мың сотталушы сыяды. Әр колонияда арнайы өнеркәсіптік аймақ қарастырылады. Бұл сол мекемелер аумағының шамамен 50%-і, — деді Ерлан Тұрғымбаев.
Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев заманауи типті төрт жаңа колония салынатынын мәлімдеді. Ведомство басшысы түзету мекемелерінде халықаралық ұйымдар мен жұртшылық талап ететін бүкіл норма сақталатынын айтты.
Қазір Қазақстанда 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар.