Басты бетЖаңалықтар"Абай" шахтасында...

«Абай» шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы қалай?

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қазіргі таңда зардап шеккен кеншілердің денсаулығы жақсырып келеді.

Бүгінде екі науқастың жағдайы орташа ауырлыққа жақын, емдеу барысы жақсы. Науқастар өздерін әлдеқайда жақсы сезінеді және бүгін токсикология бөліміне ауыстырылды, – дейді дәрігерлер.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев болса, «Абай» шахтасындағы үйінділерді тазалауды жалғастырып жатқанын айтты. Ол төтенше жағдайдың алдын ала себебін атады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төтенше жағдай метанның жарылуынан болған. Қазір процедуралар жүріп жатыр. Жарылыс салдарынан қызметкерлер қаза тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес нақты шешім қабылданады. Қазіргі уақытта адам өлімі мен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, − деді Ерлан Тұрғымбаев.

Еске салайық, 7 қараша күні, сағат 08:37-де Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының кенеттен жарылуынан 6 адам қаза тапты. 2 адам зардап шекті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.