Finprom.kz cарапшыларының деректерінше, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте әуе көлігі компанияларының кірістері 265,7 миллиард теңгеге жетіп, бір жылдың ішінде бірден екі есеге жуық өсімді көрсетті. Кірістердің негізгі бөлігі – 252,6 миллирд теңге жолаушылар тасымалы есебінен, қалған 13,1 миллирд теңге жүк тасымалдаудан түскен кірістер.
Өңірлер бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, жылдық динамикада бірден 30%-ке өсті. Үштік қатарында Қызылорда (жылына 22,9%) және Маңғыстау (19,4%) облыстары бар.
17 өңірдің ішінде тек Солтүстік Қазақстан облысында бағалар өткен жылдың қазан айындағыдай деңгейде қалды.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елдің авиакомпаниялары 6,9 миллион адамды тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 81,5%-ке көп. 2019 жылғы «дағдарысқа дейінгі» кезеңмен салыстырғанда ағымдағы жылы жолаушылар тасымалы 8,1%-ке өсті, − делінген хабарламада.