Пробациялық бақылауды дамыту үшін электрон білезіктер енгізілуде. Биыл біз бұл жұмысты ілкі жоба ретінде бастаймыз. Бірінші кезекте 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге қатысты қолданылады, − деді Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты іс-шаралар қабылданғанын айтты.
Жемқорлықты жою үшін азаматтармен тікелей байланыс азайды. Көлік жүргізу куәлігін беру және емтихан қабылдау функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Тіркеу-емтихан орталықтары жойылды. Полиция қызметкерлері көлік құралдарының криминалдық тарихын ғана тексереді. Қазақстанда 30 тәулікке дейін болатын шетел азаматтарын тіркеу тоқтатылды. Электрон визалар енгізілді. Тікелей халықаралық әуежайларға кіру визаларын беру ұйымдастырылды, − деді министр.
Үкімет сағатында Ерлан Тұрғымбаев көші-қон саласындағы кейбір қызмет Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне берілгенін атап өтті.