Елімізде баспа басылымдар бірнеше салықтан босатылады

Вице-министр баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау да маңызды бағыт болып қала беретінін және олардың дамуын заңнамалық деңгейде бекіту қажет екенін баса айтты.

Қалаларда ересек тұрғындардың көпшілігінде газеттер мен журналдарға жазылу және оқу мәдениеті сақталып отыр. Сонымен бірге шалғай ауылдарда баспа басылымдары арқылы ақпарат алу қажеттілігі әлі де бар. Сондықтан министрлік бұл бағытты басымдықтардың бірі ретінде қалдырады. Осы бағытта баспа басылымдарын салықтың кейбір түрлерінен босату мүмкіндіктерін және баспа қызметтерін субсидиялау нұсқаларын зерделейміз, − деді ол Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан бұқаралық медианы заңнамалық реттеу туралы конференцияда.

Министрлік өкілі баспа басылымдарды қолдау басқа елдерде қалай жүріп жатқанын мұқият зерттелетінін ескертті. Отандық мерзімді баспасөз басылымдары мен желілік басылымдарды қолдау мақсатында хабарлама жасау тәртібімен есепке қоюды және қайта есепке алуды көздеу ұсынылады.

Заңнамалық деңгейде БҰҰ ұсынымдарына сәйкес таралымы 200 данадан кем мерзімді басылымдарды есепке қоюдан босатуды ұсынамыз. Қазір бұл норма 100 дана деңгейінде бекітілген. Сонымен қатар бір мекемеде таратылатын және тек осы мекеменің қызметін жариялауға бағытталған мерзімді басылымдарды (мысалы, ЖОО, зауыт хабаршылары және тағы басқа) есепке қоюдан босату ұсынылады, − деді Кемелбек Ойшыбаев.