Ведомство басшысының айтуынша, полицейлердің жалақысы өте төмен. Министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі жылдан бері оны кезең-кезеңмен өсіріп келе жатқанын еске салды.
Біз полицейлердің жалақысы төмен екенін айтқымыз келді. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап жалақыны кезең-кезеңімен көтеріп жатырмыз, 2023 жылға дейін қызметкерлердің жалақысын 50 проценттен 90 процентке дейін көтереміз. Бұл орайда сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі, – деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістегі үкімет сағатында.