Қызылорда тұрғындары Д.Болат пен Қ.Аяхметов үй-жайды жалға алып, оған «Fruit Loto», «Lucky Lady Charm», «Crazy Monkey», «Lucky Haunter» интернет-казино бағдарламалары бар компьютерлер орнатқан. Нәтижесінде, ойыншылар компьютерлер арқылы бәс тігу мен ұтыстарды алуды іске асырғаны анықталды.
Қ.Аяхметовке 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, Д.Болат 1 жылға бас бостандығы шектеу жазасына тартылды. Алынған заттай дәлелдер мемлекет кірісіне айналдырылды.
Лудомания алкоголь мен есірткіге тәуелділікпен қатар аурулардың дүниежүзілік классификациясына енгізілген. Интернет-индустрияның дамуымен және казино мен букмекерлік кеңселердің таралуымен ойынға тәуелділік жаһандық әлеуметтік проблемаға айналды. Қаржылық мониторинг агенттігі «Ойын бизнесі туралы» заңда белгіленген орындардан тыс заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, − делінген Қаржылық мониторинг агенттігінң баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.