Басты бетЖаңалықтарАқтаудағы жарылыс:...

Ақтаудағы жарылыс: өңір басшысы жедел штаб құрды

Жедел штаб жөнінде Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыров таратқан мәліметте айтылған.

Мәліметтерге сүйенсек, Ақтау әкімінің шешімімен қоқыс жинау үшін Мұнайлы ауданы, Баянды кентінен 30 шақырым жерде қоқыс полигоны ұйымдастырылды. «Көктем» МКК күшімен жарылыстан қираған қоқыстар шығарылып жатыр. Полиция қызметкерлері белгіленген учаскені қоршауға алды.

Ғимараттың 200 шаршы метр аумағы құлаған, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыстың себебі анықталып, қазіргі уақытта оқиға орнында үйінділерді талдау жұмыстары жүріп жатыр, – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Асхана иесінің айтуынша, жарылыс кезінде жұмысшы персонал болмаған. Жарылыс кезінде 10 көлік құралы (бейбіт тұрғындар) болды.

Еске салайық, 7 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:25-те Маңғыстау облысы ТЖД Жедел кезекшісіне Ақтау 29 «а» шағынауданы мекенжайы бойынша 2-қабатты «Шерқала» кешенінің (ішінде арнайы киім дүкені, автобөлшектер дүкені, мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету станциясы, қоймалары бар) 1-қабатында орналасқан асханада жарылыс болғаны хабарланды. Нәтижесінде, кешен құрылымы ішінара бұзылған.

Жол полициясы қызметкерлері арнайы техниканың (эвакуатор) көмегімен 10 автокөлікті эвакуациялады. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс газ-ауа қоспасының ағуынан болуы мүмкін.