Басты бетҚоғам"Абай" шахтасында...

«Абай» шахтасында зардап шеккен екі кенші жансақтау бөлімінде жатыр

7 қарашада профессор Хафиз Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға шахтаның 1960 және 1963 жылғы екі қызметкері түсті. Екі науқас та шахта газынан, оның ішінде метаннан және улы газдан қатты уланғаны анықталды. Науқастар жансақтау бөлімінде . Клиника дәрігерлері барлық қажет медицина көмегін беріп жатыр, — деді басқарма өкілдері.

Еске салайық, бүгін, 7 қараша күні, сағат 08.37-де Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының кенеттен жарылуынан 6 адам қаза тапты, 2 адам зардап шекті.

Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін өзі эвакуациялаған.