Басты бетҚоғамАстананың СОО-на...

Астананың СОО-на енді «жасыл» статусы барлар ғана кіреді

Мұндай шектеу Нұр-Сұлтандағы эпидемиология ахуалын тұрақтандыру және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін енгізілді.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескеріп, корнавирус инфекцияның таралу қаупі артады. Көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиология жағдайына байланысты, сонымен бірге қаладағы тұрақты эпидемиология ахуалын сақтау және COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу үшін СОО-ға бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралып жатыр, — делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Енді 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап қызметкерлер мен келушілердің сауда ойын-сауық орталықтарына жұмыс және демалыс күндері «жасыл» статусы болған жағдайда, яғни вакцинация салдырған немесе теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде (сынама нәтижесі алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспауы қажет) және вакцина салдыруға болмайтыны жөнінде анықтамасы болғанда, кейінгі 3 ай ішінде ауырып жазылған жағдайда ғана кіре алады.