Жол апаты Абылай хан мен Төле би көшелерінің қиылысында болған. Видеодан бірнеше жедел жәрдем көлігін және алдыңғы бөлігі қираған троллейбус пен автобусты көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция жол апатының егжей-тегжейін айтып берді.
6 қазан күні сағат 12.36-да А. есімді жүргізуші Yuotung маркалы автобусты басқарып, Төле би көшесімен шығыс бағытта Абылай хан даңғылының қиылысында бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, Абылай хан даңғылы бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан С. жүргізушісінің айдап келе жатқан Yuong Man маркалы троллейбуспен соқтығысты», — деп хабарлады Алматы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Жол апатынан 7 адам зардап шеккен, олар медицина мекемесіне жеткізілген.
Жол апаты салдарынан YOUNG MAN маркалы троллейбус жолаушылары: 1962 жылы туған К., 1974 жылы туған В., 1996 жылы туған М., YUOTONG маркалы автобустың жолаушылары: 1997 жылы туған К., 1977 жылы туған П., 1966 жылы туған троллейбус жүргізушісі С., және 1986 жылы туған автобус жүргізушісі А. медицина мекемесіне жеткізілді. Материал Алмалы ауданының полиция бөлімі қарап жатыр», — деді Олжас Шәріпов.