Басты бетҚоғам"Медеу" мұз...

«Медеу» мұз айдынының 50-маусымы ашылды

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-да хабарлады.

Мұз айдынына Ashyq арқылы кіру қажет. Сеанс 3 сағатқа дейін созылады. Демалыс пен мереке күндері кешкі мұз айдыны түн ортасына дейін жұмыс істейді. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Медеуден» шығатын №12 бағытындағы автобустың соңғысы түнгі сағат 00.30-да шығады, — деп жазды қала әкімі.

Сонымен қатар Балуан Шолақтан — «Медеу» мұз айдыны бағыты бойынша экспресс-маршруттың жұмысы қайта жанданды.

Алғашқы күндері экспресстер демалыс пен мереке күндері 9.00-ден 19.00-ге дейін жүреді.