Басты бетҚоғамЕлімізде электрон...

Елімізде электрон темекіні сатуға тыйым салынады

Бір реттік электрон темекімен күрес мәселесін Денсаулық сақтау министрлігімен бірге қарастырып жатырмыз. Әзірше қашан және қалай болатыны туралы айта алмаймын. Бұл жерде мамандардан бөлек, кәсіпкерлердің де пікірін ескеру қажет. Барлық жақтың ұстанымын білу үшін уақыт керек. Сонымен қатар бұл мәселеге қатысты арнайы жұмыс тобы және депутаттармен бірлескен жұмыс жүріп жатыр, − деді Әсет Ерғалиев ОКҚ-де өткен брифингіде.

Айта кетейік, осыдан 2 күн бұрын Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мәди Ахметов бір реттік электрон темекінің жастар арасында кеңінен таралып жатқанын айтып еді.

Дүкен былай тұрсын, әлеуметтік желіні ашсаңыз, пабликтерде, аноним телеграм-каналдарда никотині бар тауарды тәулік бойы тегін жеткізіп беретіні жөнінде жүздеген жарнама бар. Тапсырыс берушінің жасын сұрап, бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Осының салдарынан оқу жылының басынан оқушылар арасында түтіні будақтаған зиянды шылымға сұраныс еселеп артқан. Тіпті, кейбір мектептерде жоғары сынып оқушылары бастауыш сыныптарға бір реттік темекінің құнына ақша қосып сатып, әуестендіріп жүр. Еліміздің ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының 2019 жылғы зерттеулерінің мәліметіне сүйенсек, 11 жастан 15 жасқа дейінгі электрон темекі шегетін жасөспірімдердің саны 3 есе, ал қыздар арасында 2 есе өскен. Көш басында 3,9% көрсеткішпен алматылық жасөспірімдер тұр. Аталған зерттеу кейінгі екі жыл жүргізілмегендіктен, қазіргі жағдай мүлдем белгісіз, − деді Мәди Ахметов.