Қазақстанда бірнеше мұнай зауыты іске қосылады

«Мұнай-газ химиялық кешенін дамыту» бағыты шеңберінде шикізаттық емес экспортты ұлғайту және ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиялық өндірісі іске қосылады.

2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі, – деді ол орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте.

Оның сөзінше, нәтижесінде мұнай-газ химиялық өнімін өндіру көлемі 140 мыңнан 2 миллион тоннаға дейін артып, мұнай-газ химия өнімі импортының үлесі 87%-тен 72%-ке азаяды.

Бұл ретте дайын мұнай-газ өнімдерінің экспорты 9 есе 1,4 миллиард АҚШ долларына артады, – деді Әсет Ерғалиев.