Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында...

Түркістан облысында дауыл салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, адамдар жарақат алмаған. Алайда топырақ аралас жел тұрып, әсіресе Бәйдібек ауданындағы ауылдарға зиян келтірген.

Сонымен бірге табиғаттың тосын мінезінен Арыс пен Сайрам, Отырар, Ордабасы аудандарында үйлердің шатыры ұшты. Электр желілері үзілген. Бүгінде жарыққа жауапты мекеменің 25 бригадасы жұмысқа кірісті. 80-нен астам жұмысшы мен 22 бірлік техника тартылған. Олар үзілген желілерді жалғап, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ал Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбасов дауыл әлі де жалғасатынын айтты.

Енді «Қазгидромедтің» беріп отырған мәліметіне сәйкес, дауылды жел бүгін де сақталады. Кей жерлерде дауылды жел тұруы мүмкін. Осыған байланысты бүкіл облыс, аудан-қалаларда әкімдік тарапынан шұғыл штабтар құрылып, барлық қызметкер күшейтілген қызмет түріне көшірілді, – деді ол.